Түркістан алдағы уақытта спортшылар қаласы атанатын болады. Түркістанда рухани және шығармашылық ғана емес, спорттың дамуына да барлық жағдайлар жасалған. Қазіргі таңда, жаңадан спорт ғимараттары салынып жатыр. Ал, пайдалануға берілген ғимаратта облыстық, республикалық жарыстар ұйымдастырылуда.
Бүгінде облыста бұқаралық спортты дамыту басты назарда. Қазір өңір халқының 38 пайызы спортты жанына серік етті. Теннистен өтетін сайысқа 8 жастан бастап 16 жасқа дейінгі 34 спортшы келді. Олардың 8-і қыздар 26-сы ұлдар. Бұл дода Түркістан қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт клубының құрылғаны 1 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Түркістан бұдан былай спортшылар қаласы атанады. Жаңадан салынған ғимараттар жас саңлақтарға тың серпін береді. Қала әкімдігі Түркістан қаласынан талай чемпиондар шығатынына сеніммен қарайды.
Түркістанда облыстық маңызы бар жаңа нысандар салынып жатыр. Бұрынғы ғимараттар Шымкент қаласының қарамағында қалғандықтан әр спорт түріне байланысты нысандар міндетті түрде бой түзейді. Олардың біразы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
Рухани шахарда бұндай сайыстар дәстүрлі түрде өткізілетін болады. Ал үлкен тенниспен айналысушы балалар үшін қатысу тегін. Түркістанда Теннис орталығында 80-нен астам бала жаттығып жатыр. Мұның өзі балалардың үлкен тенниске деген қызығушылығының артқанын білдіреді.