Шымкентте 2 жаңа индустриялық аймақ жұмыс істей бастайды. Қазір аталмыш жобалардың бірінші кезеңі салынып біткен.  2023 жылдың төртінші тоқсанында пайдалануға берілетін қос индустриалды аймақта қандай  кәсіпорындар іске қосылады? 


Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағында  құрылыс жұмыстары қызу жүруде.   Аумағы ат шаптырым,  306 гектар жерде  24 кәсіпорын жұмыс істейтін болады. Атап айтқанда, құрылыс материалдары мен жиһаз өндірісі, сондай-ақ металлургия және фармацевтика салаларында өндіріс орындары ашылады. 
Жаңадан бой тіктеп жатқан «Бозарық» агро-индустриалды аймағында да  құрылыс қарқын алған. Бұл жобаның жалпы құны  23 млрд. теңге. Бұйырса  1500 жұмыс орындық, 21 жоба іске аспақ. Қазір мұнда ауыз су, кәріз  жүйесі мен электр желілерін тарту жұмысы  басталды.  
Президент Қ. Тоқаев 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің  экспортын 1,5 есеге көбейту туралы тапсырма берді.  2 индустриалды аймақ дер кезінде пайдалануға берілсе,  шымшаһардың  шоқтығы биік болғалы тұр.