Түркістан рухани астана ғана емес білімді жастардың ордасы болуы керек. Осы мақсатта- қалада түрлі зияткерлік ойындары ұйымдастырылып жүр. Жуырда "Ой дода" білім бәйгесі өткен болатын. Енді «AMANAT AQYLMAN» зияткерлік ойыны жалғасуда. «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалы, «Jastar Ruhy» ЖҚ өңірлік филиалы және облыстық “Жастар ресурстық орталығының” ұйымдастыруымен өткен сайысты кім жеңімпаз атанды?
Түркістан қалалық "Аманат" партиясының ұйытқы болуымен өткізілген зияткерлік ойынға 17 команда қатысты. Жарыс 7 кезең бойынша өтті. Әр кезеңде түрлі салаға байланысты сұрақтар қойылды. Атап айтқанда, тарих, әдебиет, спорт, ұлттық дәстүрден бастап логикалық тапсырмалар ойынды ширата түсті.

Бұндай зияткерлік ойындар жастарға берері мол, бос уақытын білімге арнап, білімдерін шыңдайтын орта қалыптастырады- дейді қатысушылар. Тартысқа толы өткен зияткерлік ойын қорытындысына сәйкес "Key to life" командасы 3-орынды иеленді. Ал, Назарбаев зияткерлік мектебінің жас ұстаздарынан құралған "Youngstars" командасы 44 ұпаймен 2-орынға жайғасты.
7 кезеңнің нәтижесінде журналистерден құралған "Тұран БАҚ" командасы 45 ұпай жинап, сайыс жеңімпазы атанды. Байқаудың жеңімпаздарына Алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.
Айта кетейік, 1 орын жеңімпазы атанған журналистерден құралған "Тұран БАҚ" командасы желтоқсан айында өтетін облыстық ақтық сайыста Түркістан қаласының намысын қорғайтын болады.Облыс жеңімпазы болған команда Республикалық сайысқа жолдама алады.