«Дос мұқасан» фильмі көрерменге жол тартты. Шымкент қаласында тұсауы кесілген музыкалық драманың режиссері Айдын Сахаман. Картинада аты аңызға айналған топтың құрылуы тарихы, әншілердің өмірі баяндалады. «Aray Media Group» студиясы түсірген фильм 29 қыркүйектен бастап еліміздің барлық кинотеатрларына прокатқа шықты.  Фильмнің режисеры кинотуындыны Дос Мұқасан тобының 55 жылдығына орайластырғанын айтты.

Биыл «Дос Мұқасан» ансамбльіне 55 жыл толып отыр. Осы орайда «Aray Media Group» студиясы ауқымды жобаны қолға алып, ҚР мәдениет және спорт министрлігінің қолдуымен музыкалық драманы жарыққа шығарды. Сценаридің авторы Ефрат Шәріпов. Кинокартинаны жарыққа шығару үшін үш жыл уақыт кетті дейді фильм режиссеры. 

 «Дос Мұқасан» музыкалық драмасының жабық көрсетілімі Астана мен Алматыдан кейін үшінші мегаполисте өтті. Шымкентте өткен фильм премъерасына  түсіруші топ пен актерлік құрам қатысты. Ал, басты рөлді сомдаған әртістер фильмге түсу үшін түрлі  музыкалық аспапта ойнауды үйренгендерін айтты. 

Аты аңызға айналған музыкалық ансамбль туралы көркем драманы түсіруге 3 жыл уақыт кеткен. Картина Алматы мен Өскемен қалаларында түсірілген. Фильм продюсері  50 жуық актер түсірілімге қатысқанын айтады. 

ҚР мәдениет және спорт министрлігінің қолдуымен түсірілген музыкалық драманы түсіруге 425 миллион теңге қаржы жұмсалған. Айта өтейік фильм 29 қыркүйектен бастап прокатқа шықты. Енді Шымкенттіктер  Дос Мұқасан ансамбльіне арналған фильмді шаһардың барлық кинотеатрларынан тамашалай алады.