10 қазан кәсіподақтар күні! Осы орайда «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төл мерекесі қарсаңында жиын өткізді. Бірлестік өкілдері әр саладағы кәсіподақ төрағалары мен бастауыш кәсіподақ ұйым өкілдерінің басын қосты. Жыл басынан бері  атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Сондай-ақ шара барысында елеулі еңбегімен көзге түскен қызметкерлерге құрмет көрсетілді. Олар мерекелік медальдермен, алғыс хаттармен марапатталды.

Жиында алғы сөз алған «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы ұйымының қоғамдағы рөлі мен маңызына тоқталып өтті. Сондай-ақ облыс бойынша әр саланы қамтитын кәсіподақ төрағалары мен  ұйым мүшелерін алғыс хаттармен марапаттады. Төс белгі тақты.

Өз кезегінде аумақтық кәсіподақ мүшелері жұмыскерлердің мүддесін және құқықтарын қорғап, олардың әлеуметтік мәселесін шешуде аянбайтындарын айтуда. 

Бүгінде елімізде 2 миллионнан астам адам кәсіподақ ұйымына мүшелік етсе оның 53 мыңға жуығы Түркістан облысының азаматтары. Олар қоғамдағы резонансты мәселелрді шешуде үлесі зор. Әсіресе жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы  байланысты тереңдетіп, жалақы мәселесін оңтайландырады. Облыстық кәсіподақ мүшелері жыл басына бері 30 мыңға жуық азаматтың жалақысы 40 пайызға өскенін айтуда.  

Айта өтейік, Түркістан облысы кәісіподақтар орталғы 2020 жылдың 5 тамызында құрылған. Қазіргі таңда бірлестіктің құрамында 1095 бастауыш кәсіподақ ұйымы бар.