Бүгін әкім Әйтенов Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен  кездесіп, бұқараның бұйымтайын тыңдады. 207 мыңнан астам халық қоныстанған аумақта инфрақұрылым жүйесі кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Есепті кездесуде тұрғындар негізінен әлеуметтік мәселелерді көтерді. Ал, қала басшысы халықтың ұсыныс-пікірлерін мұқият тыңдап, бірқатар проблеманың Заң аясында шешілуіне ықпал ететінін жеткізді. 

Әл Фараби ауданы қаланың 14 мың гектардан астам аумағын алып жатыр. Халық саны - 207 747. Екі елдімекен, 13 шағынаудан бар. Биыл аймақта сапалды ауыз сумен қамтуды 100 пайызға жеткіземіз, дейді жергілікті әкім Рашид Мыңбаев. Ал, Электр жүйелері жаңартылып, халық сапалы жарыққа қол жеткізіп келеді. Бірақ, кәріз жүйесін реттеу жағы сәл ақсап тұр. 
Есепті кездесулердің нәтижесі жаман емес. Ашық һәм жариялы қоғам  құрудағы басты фактор да осы. Халық үніне құлақ асқан шаһар басшысы бір жарым мыңға жуық халықтың мұң-мұқтажын тыңдаған. Соның тең жартысына жуығы оң шешімін тапты. 
Биыл ауданға 32 млрд. теңге қарастырылған. Қаржының көп бөлігі жол салу, жарықтандыру, ауыз су мен көгілдір газ құбырын татуға жұмсалды. Жарты сағаттық баяндамадан соң, жиынның шарықтау шегі – сұрақ жауапқа кезек келді. 
Әкім Әйтенов мәселесін айта келген азаматтардың меселін қайтарған жоқ. Тұрғындарды мұқият тыңдап, бағытына қарай бағдарлады. Жауаптыларға тапсырма беріп, түйіткілдің түйінін тарқатуды жүктеді. Баспана мәселесі қашан да өзекті. Үйі жоқтың күйі жоқ. Тұрғынүй кезегін күткендердің шыдамы түгесілді.  
Сәуле шағынауданының тұрғыны ақиқаттың ақ жалауын ұстап, талай табалдырықты тоздырыпты. Айтуынша, жалғыз бауыры қандықол қаныпезердің қолынан қаза тапқан. Бірақ кінәлі тарап әлі күнге дейін бостандықта жүр, сот әділ шешім жасамады деп күйінеді, келіншек. 
Жиын екі сағатқа созылды. Тұрғындар әкімге сұрақты жазбаша түрде де жолдады. Мұрат Дүйсенбекұлы жасалып жатқан әрбірі іс халықтың өмір сүру сапасын артттыру үшін атқарылып жатқанын тілге тиек етті. Ал, батгөй қариялар кездесу соңында билік өкілдерінің жұмысына сәтілік тілеп, ақ батасын берді.