Қала әкімі Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданының тұрғындарымен жүздесті. Бұл жолғы кездесуге Елтай Оңтүстік Қарабастау аймағының тұрғындары келді. 

Жыл басынан бері қала әкімі менаполис тұрғындарымен 127 кездесу өткізген. Онда 1020 мәселе қабылданып оның  576 шешімін тапқан   129 мәселе алдағы жылдары шешімі табылатын болады.  Шымкенттегі үлкен жетістіктің бірі таза ауызсумен қамту жұмыстары. Келер жылы қамтылу деңгейі 100 пайызға жететін болады. 
Бұл кездесулердің басты мақсаты халыққа атқарылып жатқан және алдағы жылы атқарылатын жұмыстарды жіті түсіндіру.  Тұрғындардың  өз мәселелерінің қашан шешілетініне көз жеткізгенде ғана көңілі тыныш болады.  Еңбекшідегі  атқарылған ауқымды шаруаларды аудан әкімі баяндады. 
Қысқаша баяндамадан кейін жиын жанды әңгімемен жалғасты. Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын тікелей қала әкіміне қойып оған тұшымды жауап алды.
Шымкентте денсаулық саласына аса мән беріліп отыр. Жоспар бойынша алдағы жылдары 6 емхана салынатын болады . Сонымен қатар 200 орындық пеозентхана бой тіктейтін болады. Ал қазіргі кезде науқастарды жан жаққа сабылтпай әр аудандағы клиникалар ем домға қажетті барлық құралдармен қамтылған.