Биылғы жыл шымкенттік шаруаларға жайлы жыл болды.  Ауа райы қарасып, қамба дәнге толды. Мегаполисте  30,0 мың гектар жер игерілген. Ауылшаруашылығы саласында атқарылған ауқымды шаруалар баспасөз брифингінде баяндалды. 

Биылғы жылы игерілген жерден  94 мың 320 тонна өнім жиналды. Айтып өту керек биыл игерілген жер көлемі 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,7 мың гектарға артып отыр.   2021 жылы  игерілген жер көлемі 29,8 мың га. болған.
Шаруаларға науқан кезінде ең керегі дер кезінде келген көмек. Мемлекеттен бөлінген жәрдемақыны шаруаларға өз уақытында жеткіздік –дейді басқарма қызметкерлері. Нәтижесінде жауын шашынға қалмай көкше байлық игерілген. 
Күзгі дала мен жиын терім жұмыстарын жүргізуге                 1 000 тонна дизель отыны бөлініп, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің өтінімдеріне сәйкес берілген.Күзгі егін жинау жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп, толығымен аяқталды.Сонымен қатар, қала аумағында қосымша өнеркәсіптік үлгідегі 10,0 гектар жылыжай жаңадан іске қосылды