Қазақстандық оқушылар алғаш рет робототехника бойынша дүниежүзілік олимпиадада 2-ші орын алды. 17-19 қараша аралығында Германияның Дортмунд қаласында өткен сайықа Шымкент қаласындағы Жамбыл Жабаев атындағы №26 мемлекеттік мектеп пен №9  IT-лицейінің оқушылары Иманғали Мыңжасар мен Бибарыс Михаш жеңімпаз атанды. Ал, №2 дарынды балаларға арналған мектеп интернат оқушлары үздік ондыққа енген.


Дүниежүзілік олимпиада жеңімпаздарын әуежайдан Жамбыл Жабаев атындағы №26 мемлекеттік мектеп пен №9  IT-лицейінің оқушылары мен ұстаздары сондай-ақ туған туыстары сән салтанатымен күтіп алды.
Германияның Дортмунд қаласында өткен World Robot Olympiad 2004 жылдан бері өткізілуде.Еліміз  олимпиадаға 2014 жылдан бері қатысып келеді.  Биыл 73 елдің 365 командасы финалда үздік орынға таласты. Ал іріктеу кезеңіне әлем бойынша 15 000 команда қатысты. Нәтижесінде Шымкенттік оқушылар екінші орынға ие болды.  Бейбарыс Михаш пен Иманғали Мыңжасар5 жылдан бері робототехникамен айналысып, роботты құрастырумен айналысады.
Сондай-ақ 17-19 қарашада өткен дүниежүзілік олимпиадаға дарынды балаларға арналған №2 мектеп-интернатының оқушылары да қатысты. Олар жүлделі орыннан көрінбесе де үздік ондық қатарына енген.
Шаһар мектептерінің 85 пайызында робототехника сыныбы бар. Сонымен қатар оқушылар сарайының робопарк үйірмесі де 60 баланы осы сала бойынша оқытады. Мекеме басшысы алдағы уақытта робототехника үйірмесіне қатысатын  бала санын 120 ға жеткізуді жоспарлап отыр.
Айта өтейік Германияда өткен дүниежүзілік робототехника олимпиадасына елімізден 10 команда қатысып 20 оқушы ел намысын қорғады. Нәтижесінде Шымкенттік оқушылар үздіктер қатарынан көрінді.