24 қараша күні «АДАЛ КӨМЕК» жобасы аясында Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету бойынша азаматтарды қабылдап, кеңес беру жоспарланып отыр. Кездесуде аталған департамент, білім басқармасы мамандары келеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшылығы да азаматтарды қабылдайды. Сонымен қатар қоғамдық кеңес жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын бақылау жөніндегі тұрақты комиссия мүшелері де Сіздерді сұрақтарыңызбен күтеді. Білім саласына қатысты кеңес алғыңыз келсе, қабылдауға шақырады. Жұмыс бойынша, балаларды мектепке қабылдау мәселелері, балабақша жайы бойынша мәселелерді шешуге мүмкіндік бар. Өтетін орны: Д.Қонаев даңғылы, 2/3 мекенжайы бойынша «ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ» ғимараты). Қабылдау уақыты: сағат 15.00-17.00 аралығы.