Биылғы жылы Шымкентте 19,4 шақырым жылу құбыры жаңартылған. Бұл жалпы жылу жүйесінің 20 пайызын құрауда. Ол үшін қала қазынасынан 2,4 млрд теңге қаралған. Нәтижеінде, шаһардағы жылу беру маусымы уақтысында басталып, іске қосылды. Бүгінде көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға температуралық кестеге сәйкес жылу берілуде.


Миллионды қаланың жылуына жауапты «Қуат жылу орталығы - 3» мекемесіне қарасты 823 шақырым жылу желісі бар. Оларға жазғы мезгілде сығындау жұмыстары жүргізіліп, 76 нүктеде анықталған ақаулар қалпына келтірілген. Сондай-ақ, ағымдағы жөндеу жұмыстары Кемел Тоқаев, Түркістан, Республика даңғылы, Асанбай Асқаров, Абай және Тұрар Рысқұлов көшелерінде жүргізіліп, уақтылы аяқталды.
Жалпы, шаһар бойынша орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілетін                             1987 көпқабатты тұрғын үйлер мен 484 бюджеттік мекемелерге температуралық кестеге сәйкес жылу берілуде. Сондай-ақ, бюджеттік мекемелерге қажетті 4,7 мың тонна көмірге және 655 тонна сұйық отынға толық келісім-шарт жасалып, мекемелердің өтініміне сәйкес тасымалданатын болады.  Осы орайда, қаладағы 4 ауданда, жылу жүйелеріне мониторинг және оперативті жөндеу жұмыстарын атқаратын 9 учаске қызмет етеді, онда 36 бригада жасақталған.
 «Қуат жылу орталық-3» мекемесіне қарасты 15 қазанды пен 17 сорғы станциясында бірқалыпты жұмыс атқарып, жылу өндіруде. 2 дана дербес қазандық қажетті 1,1 мың тонна көмірмен қамтамасыз етілген.
Шымкент қаласының көмірге қажеттілігі бүгінде 72 мың тоннаны құрауда. Атап айтар болсақ, бюджеттік мекемелерге (білім, денсаулық, спорт, мәдениет, жұмыспен қамту - 4,7 мың тонна) және дербес қазандықтарға («Қуатжылуорталық-3» МКК 1,1 мың тонна ) қажетті 5,8 мың тонна, толық қамтамасыз етілген (100%). Ал, қала тұрғындарының көмірге қажеттілігі 66,1 мың тонна, жылу беру маусымына дейін көмір отынымен қамтамасыз етілуі бойынша олардың арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде 1 тонна көмірдің бағасы 15 100 - 15 300 теңге аралығында.