Биыл көрнекті саяси мемлекет және қоғам қайраткері, қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби дипломат, ағартушы-ғалым Нәзір Төреқұловтың туғанына 130 жыл. Осы атаулы датаға орай Шымкентте ғылыми-конференция өтті. Оған алыс-жақын қалалардан Нәзіртанушы ғалымдар, университет оқытушылары мен кітапханашылар, жалпы оқырман қауым қатысты.


Қазақтың кемеңдер тұлғаларының бірі - Нәзір Төреқұлов. Ол Кеңес Одағының Сауд Арабиясындағы алғашқы елшісі. Тек дипломат емес, публицист, тілші, ағартушы-ғалым. Қайраткердің туғанына 130 жылдығына орай әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы «Қазақтан шыңқан тұңғыш дипломат» тақырыбында ғылыми-көпшілік конференция өткізді. Жиынның басты мақсаты тау тұлғы бейнесін одан әрі айқындап, өмірі мен қызмет жолын, шығармашылық мұрасын оқырмандарға таныстыру.  
Саналы ғұмырын халқына қалтқысыз қызмет етуге арнаған Нәзір Төреқұлов ХХ ғасырда тарих сахнасына көтерілген қазақ интелегенсиясының шоқтығы биік тұлғаларының бірі. Алаш арысының өнегелі жолында елі үшін атқарған саяси жемісті қызметі ұшан-теңіз. Осылай деген ғылыми-конференция қатысушылары тұңғыш дипломат жайлы баяндама жасап, пікір-алмасты. Қайраткердің еткен еңбегіне тоқталып, ұлттық мүдде тұрғысында атқарған жұмыстары туралы айтты.
Жиынға Түркістаннан арнайы келген Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ Тарих кафедрасының профессоры латын қаріпіндегі қазақ әліпбиінің жасалуына Нәзір Төреқұлов та мол үлес қосқанын айтты. Дипомат, ағартушы-ғалым Шығыс халықтар баспасында жұмыс істеген кезінде жалпы түркі халықтарының әліпбиін жасауда тағылымды еңбек етті деді.  Сонымен бірге Нәзір Төреқұловтың 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде тойланса екені деген тілек-ниетін білдірді.
Ғылыми конференция аясында Нәзір Төреқұлов туралы «Түркіні түгендеген тарлан талант» кітап көрмесі де орналасқан. Сонымен бірге Шымкенттегі №62 Н.Төреқұлов атындағы орта мектебінің оқушысы Мұхтар Шахановтың арнауын оқыды.
Нәзір Төреқұлов ұлтжанды азамат.  «Рухани мейрам Құрбан айтты мемлекеттік деңгейде тойлауды жүйелеп, демалыс енгізген де – Нәзір», дейді жиынға қатысушылар. Жалпы ғылыми-конференция қортыныдысы бойынша ғалымдар өткен ғасырдың 20-40 жылдарындағы ұлттық элитаның аса көрнекті өкілі Нәзір Төреқұлов әлі тұлғаланып бітпегенін айтты. Қайраткерді жас ұрпаққа одан әрі таныту мақсатында, еліміздің барлық қаласында көше, мектептерге Нәзір Төреқұлов есімін беру жұмысын жалғастыру ұсынылды.