Өңіріміздегі жылыжай шаруашылығының болашағы бұлыңғыр. Онда өндірілген көкөніс импорттық өніммен бәсекелестікке төтеп бермейді. Ордабасы ауданының шаруалары осы мәселені ҚР Премьер-министрінің орынбасарының алдына тартты.  Серік Жұманғарин өңірге жасаған сапарында шаруалармен арнайы жүздескен болатын.


Сапар барысында Серік Мақашұлы Ордабасы ауданына ат басын бұрып, Бадам елді мекеніндегі “Аделя” жылыжай кешенінің жұмысымен танысты.  Министр аталған кешенде жылыжай шаруашылығымен айналысып жүрген кәсіпкерлермен, шаруалармен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Өңіріміздегі  жылыжай шаруашылықтарында жыл сайын қымбаттап жатқан  газ, электр энергиясы, көмір  мәселесі өзекті. Көршілес Өзбекстанның өзінде газ бағасы біздегіден үш есе төмен.  Өнім шығынды ақтамайды –дейді шаруалар.  
Шаруалардың айтуынша көмір газ құнын арзандатылып берілсе қызанақтың, қиярдың бағасы едәуір төмендер  еді. Одан бөлек көкөністерді сауда орталықтарына өткізуде де бірқатар мәселелер бар, - деді шаруалар. Өз кезегінде министр айтылған ұсыныстарды жергілікті атқарушы органдармен пысықтайтындықтарыН жеткізді. .
Жылыжайды жылытуға кететін газ көмір бағасын субьсидиалау керек деген ұсынысты аймақ шаруалары талайдан бері көтеріп жүр. Шығын азайғанда ғана шетелдік өніммен бәсекелесе алатынын алға тартатын. Бұл сұраққа Серік Мақашұлы қысқа нұсқа жауап берді.
Жылыжай шаруашылығын ілгерілету үшін отынның емес басқа шығындарды жеңілдету керек –деді Серік ЖұманғаринҚосымша қаражат қарастырып кейбір шығындарды субсидиялау тетіктерін қарастыратындықтарын жеткізді.