Адал - жас ұрпақ. Дәл осындай атаумен «Халықаралық студенттер күні» аясында қалалық патриоттық әндер байқауы өткізілді. Оған техикалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері қатысып, өз бақтарын сынады. Бұл сайыстың басты ерекшелігі неде? Ұйымдастырушылардың көздеген мақсаты қандай


Осымен 7-ші  мәрте ұйымдастырылып отырған  байқауда, 30 –дан астам өнерлі жас өз бақтарын сынады. Олар алғашқы кезең шарты бойынша патриоттық әндерді шырқаса, екінші кезеңде халық әндерін нақышына келтіре орындап шықты.
ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаменті мен қалалық білім басқармасы бірлесіп ұйымдастырған байқаудың басты мақсаты, өскелең ұрпақтың бойына адалдықтың нәрін себу. Бүгінгі қоғамның дертіне айналған жемқорлыққа жол бермеуді көздейді.
Байқау барысында қазылар алқасы қатысушылардың дауыс ырғағына, орындаушылық шеберлігіне, әннің байқау шартына сәйкестігіне, сондай-ақ, сахна мәдениеті мен киім үлгілеріне баса мән беретіндіктерін айтады. Әзірге, қалалық деңгейде ұйымдастырылып келе жатқан байқауды, алдағы уақытта аймақтық, республикалық деңгейге дейін көтеру көзделіп отыр екен.