Баба дін ата дәстүрден алшақтамауы керек. Дәстүрлі дін ғана еліміздің өркендеуіне оң ықпал етпек. Осы өзекті мәселе Шымкент қаласының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен өткен Республикалық ғылыми-практикалық форумда қозғалды.
Аталған Форумға Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетінің өкілдері, аймақтық Дін істері және қоғамдық даму басқарма басшылары, имамдар, жоғары және орта оқу орындарының студенттері қатысты. Жиынның мақсаты – жастарды деструктивті діни идеологиялардың ықпалынан сақтау, оның алдын-алу, жастар арасындағы дін мен діншілдік тақырыптарын талқылау.Кездесуді Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары – Шыңғыс Мұқан ашып береді.
Бүгінгі таңда жастар арасында дін туралы дұрыс түсінік қалыптасу басты назарда. Соңғы жылдары дінге бет бұрған жастар қатары артқан. Дұрыс ұйымдастырылған түсініктеме жұмыстары нәтижесінде деструктивті дінге ауғандар қатары біршама төмендеген.
Форум барысында дін өкілдері мен ғалымдар баяндамаларын оқыды. Жат ағыммен күрес жолдары әңгімеге арқау болды. Дінді дұрыс ұстансаң қасиет, дұрыс ұстанбасаң қасірет. Жастарды баба дін ата дәстүрден алшақтатпау басты назарда. Бұл жолғы форумныңда басты мақсаты осы.