Арыс  қаласында көкпардан ересектер арасында Түркістан облысының чемпионаты аяқталды. Тартысты өткен додаға өңірімізден 12 команда қатысып, төрт топ бойынша жеңімпаздарды анықтады. Екі күнге созылған көкпар бәсекесінде Қазығұрт ауданының шабандоздары жеңімпаз атанды.


Көкпардан  өткен   бұл тартысты  додаға облыс  бойынша  ең  мықты  деген  шабандоздар қатысты. Бұл дүбірлі додада Қазығұрт ауданынан келген шабандоздар әрбір кездесулерінде сенсацияға толы шоу көрсетті. Дегенмен Түлкібас, Сайрам, Төлеби ауданынан келген жігіттер де аянып қалмады. Айтулы көкпар тартысына елодамыздан арнайы Ұлттық  ат спорт  түрлерінен  Қазақстанның мемлекеттік  жаттықтырушысы Нүркен  Байбүриев те келіп қатысып, жарыстың мақсатына тоқталды.
Нағыз  мықтылар  осындай  көкпар  додасында  шыңдалады. Орта  Азия елдері  бойынша  көш бастаған  Қазақстанның  көкпаршыларының  жеңістері көпшілікке  үлгі. Ал, Түркістан  облысының  дарынды  шабандоздары  да  қарсыластарына  бет  шыдатпайды. Құрама  жігіттері  мықты. Бұл  ретте, Сайрам  ауданының палуандары  күміс  жүлдегер  атанса,  қола  жүлде Түлкібас  ауданынан  келген  талантты саңлақтарға  бұйырды. Ұлттық  спорттың  жанашыры  облыстық ұлттық  спорт  мектебінің  директоры Ғани Ахметбаевбұл чемпионатының негізгі мақсаты үздік шабандоздар мен үздік сәйгүліктерті іріктеп, облыс құрамасын жасақтап, Ел чемпионатына  дайындау барысын айтып, өз ойымен бөлісті.
Намысты  қолдан  бермейтін  түркістандық  көкпаршы  жігіттердің  бұл  додасында  "Үздік шабандоз" номинациясы  иегері түлкібастық  Сүйіндік Аңсар иеленсе, Сайрам  ауданының  мақтанышы Нұржігіт Мырзабаев "Үздік қорғаушы" атанды. Сонымен  қатар, білекті  де  жүректі саңлақтар  бас  қосқан  жиында Қазығұрт  ауданынан  келген  сәйгүлік Сүлікқара "Жекпе-жек үздігі" деп  танылды. Ал,"Ең жас шабандоз"атанған  жеңіске  деген  құштарлығы  мықты қазығұрттық  Сайдулла Әзірет атанса, "Үздік шабуылшы" Аманбай Өскен, сондай-ақ "Үздік төреші" Бекмусаев Жанбатыр иеленді.  Бар  күш  жігерлері  мен  мықты  сенімдерінің  арқасында  жеңіске  жеткен  Қазығұрт  ауданының  дарынды  шабандоздары алтын  медаль  иеленіп   тағы  да  бір  рет  өңірімізде  көшбасшы  екендігін  дәлелдеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы тағайындалған қаржылай және димлом, медальдармен марапатталды.