Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатыныңширек финалына шығу үшін қызу талас жадғасуда. 1/8 финал ойындарында Хорватия мен Жапония құрамалары кездесіп, Еуропалықтардың бағы жанды. Дәл осы кезеңде Бразилия мен Оңтүстік Корея құрамалары да бақ сынады. Тартысты өткен сайыста Бразилиялықтар 4-1 есебімен айқын басымдықпен жеңді.


Әл-Вакр қаласындағы «Әл-Жануб» стадионында өткен плей-офф кезеңінің бірінші турындағы ойын негізгі уақытта 1:1 есебімен аяқталды.Кездесудің 43-минутында Дайзен Маэда бұрыштама добынан сәтті ойнап, Жапонияны алға шығарды.Үзілістен кейінгі қарымта голды Иван Перишич соқты: 33 жастағы шабуылшы баспен гол соқты.Қосымша уақытта командалар гол соға алмағанымен, пенальтилер сериясында Хорватия ойыншылары дәлірек болды – 3:1. Шешуші голды Марио Пашалич жүзеге асырды.Хорватиялық қақпашы Доминик Ливакович пенальтилер сериясының қаһарманы атанып, төрт соққының үшеуін қайтарды. Осылайша топтық кезеңнен 1 орында шығып, футбол әлемінің алыптарын жеңіп келген Жапониялықтар әлем чемпионатымен қош айтысты. Ал Хорватиялықтар ширек финалға жолдама алды.
Ал Бразилиялық футболшылар ойынды өте қарқынды бастады. Бірінші кезеңнің өзінде қарсылас құрама қақпасына төрт гол соғылды.АлдыменВинисуисЖуниор 7-минутта есепашса, 13-минутта Неймарпенальтиденмүлткеткенжоқ.Ал 26-минутта Ришарлисонесептіүстемелесе, 36-минутта Лукас Пакета гол соқты.Корейлік футболшылар гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Нәтижесінде 76-минутта Пэк Сын Хо есеп айырмасын қысқартты.Осылайша Бразилия қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсті.Енді олар ширек финалда 9 желтоқсанда Хорватиямен кездеседі. Айта кету керек екі құрама өзінің тарихында 25 мәрте кездескен.Екеуінде Оңтүстік Кореея жеңіске жетсе, сегізінде тең нәтижесінде тіркеліп, қалғанында бразилиялықтар басым болды.Қазірге дейін ширек финалға бес құрама белгілі болды. Енді ширек финалда Нидерланд пен Аргентина, Англия мен Франция құрамалары бақ сынасады. Сондай-ақ, 6 желтоқсанда Марокко мен Испания, Португалия мен Швейцария жасылалаңғашығатын болады.