Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында 1/8 финалдық ойындар аяқталды. Дүние жүзі бойынша нөмірі бірінші спорт түріне баланатын теңбіл доп додасында мықты деген елдер ¼ финалға жолдама алды.


Жанкүйер қауым тағатсыздана күткен 4 жылдықтың басты додасы барған сайын тартыспен өтуде. Осының алдында Хорватия мен Жапония  құрамалары арасында екі команда тең тарқасып,күншығыс елінен келген жанкешті жапондар 11 метрлік айып добынан,бір қақпашының әлсіз жерін таба алмады. Хорватияның қақпашысы үш доп қайтарып құрама командасын ширек финалға алып шықты. Аз өтпей  футбол жанкүйерлері тағы бір пенальти арқылы шешілген ойынды көрді.Испания-Морокко 130 минут бойы есеп аша алмады.Нағыз драмаға толы матч болды. Букмекер кеңселері Испанияны финалға шығады деп еді.Тағы да әлем чемпонатында жеңімпазды қақпашы алып шықты. Спорттық бақ Марокко жағында болды. Испания пенальтиденде бір гол сала алмай чемпионатпен қоштасты. Марокко өз тарихына өзгеріс енгізіп 1/4 финалға шықты. Футболдың майын ішкен Бразилия тек футбол ойнап жүрген жоқ. Олар футбол шеберлігін көрсетіп, өздерінің жоғары класын әлемге паш етуде. Допқа иелік ету, жылдам шабуылдар, жеке шеберлік үстемдік құрды. Титтің командасы плей-оффта Оңтүстік Кореяның қысымын мүлдем сезбеген сияқты. Қарсылас екен демеді. 4-1 есебімен айқын жеңді. Ал Дохада жүрген біздің жерлестеріміз, футбол жанкүйері Бақытжан Төлепов бастаған азаматтар Португалия-Швейцария матчына қатысып,Роналду бастаған португалияның жойқын команда екендігін атап өтті. Португалия –Швецарияны 6-1 есебімен ойсырата тас-талқан етіп ұтты.Португалия әр ойында бір жұлдыздарын таныстырып жүрген секілді. Кешегі кездесуде Фернандеш 2 гол салып еді, бұл жолы Рамуш 3 гол салды. Роналдуға кезек тимей жатқан сынды.1/4 финалда Хорватия –Бразилия мен күш сынасады. Нидерланды - Аргентина.  Марокко – Португалия ойнаса. Англия – Франция өз ара мықтыны анықтайды. Футбол адам ақылы жетпейтін күрделі ойын. Кімнің мықты екендігін алаңдағы ойын көрсетеді.