Шымкентте үш шетелдік көлік жүргізушісі жауапкершілікке тартылды. Оларға ҚР Әкімшілік кодексінің бірден 6 бабымен іс қозғалған.  Жүргізушілердің бірінен  ПМ тапаншасы тәркіленген.  Ер адам дүкеннен сатып алған қаруын полцияға тіркемеген екен. Оған қатысты тәртіп сақшылары бірнеше әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша, яғни, "тыныштықты бұзу”, "жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз сатып алуы, беруі,өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы" бойынша іс жүргізген.


Әлеуметтік желілерде бақылау жүргізу барысында тәртіп сақшылары мегаполис көшелерінің бірінде үш «Toyota Camry-70» автокөлігінің жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, олардың бірі мылтықтан ауаға оқ атқан бейнесін  анықтаған. Жедел қимылдаудың нәтижесінде, барлық құқық бұзушылар белгілі болды. Олар жергілікті тұрғындар екен. Жүргізушілерге қатысты шымкенттік полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің үш бабы бойынша яғни, 203-бап "сақтандыруды бұзу", 602-бап " көлік құралдары жүргізушілерінің сыртқы жарық аспаптары мен дыбыстық сигналдарды пайдалану, авариялық дабылды қолдану қағидаларын бұзуы" және 603-бап "көлік құралына арнайы жарық және дыбыстық сигналдарды беруге арналған құрылғыларды орнату қағидаларын бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырған. Үш «Toyota Camry-70» көлігі айып тұрағына жөнелтілген. Жинақталған материалдар әкімшілік сотқа жіберілді.