Сәнқой қыз-келіншектер үшін жағымды жаңалық. «Мир Меха» тондар жәрмеңкесі қаламызда өтуде. Ішіктердің  кең таңдауынан сіз қалағаныңызды таба аласыз. Тон сатып алушыларға түрлі жеңілдіктер мен сыйлықтар да бар. Сондай-ақ, бөліп төлеу жағы да қарастырылған.


Гүлнәр Алтынбекова былтырғы жылы өткен «Мир Меха» тондар жәрмеңкесінде  анасына ішік сатып алған екен. Бағасы, сапасына сай шықты деген сылқым,  көп ойланбастан дәл осы жәрмеңкеден өзіне тон аламын, деп шешіпті. Сатушылардың кеңесіне құлақ түре отырып, өзіне тон таңдаған Гүлнәрдың қалауы қара түсті құндыз терісінен тігілген ішікке түсті.    
Жәрмеңкеде құндыз, түлкі, күзен, сусар, бұлғын, қаракөл және экологиялық таза теріден тігілген тондардың кең таңдауы бар. Сатып алушыларға түрлі жеңілдіктер де қарастырылған. Сондай-ақ, 12 және 24 айға бөліп төлеуге де болады.