Шымкентте терезеден бала құлап кетті. Оқиға Самал-3 шағын ауданындағы Ізгілік көшесінде болған. 
Екі қабатты жеке тұрғын үйде, ересектердің қарауынсыз қалған ұл бала 2-ші қабаттың терезесінен құлаған.   Шамамен 3,5 метр биіктіктен жерге түскен 6 жасар баланың аутизммен ауыратыны белгілі болды.  Осы орайда, төтеншеліктер балаларды қараусыз қалдырмауды қатаң ескертеді. 
ТЕРЕЗЕДЕН БАЛА ҚҰЛАП КЕТТІ
