Әлемге кеңінен танылып келе жатқан MMA спорт түрінен қаламызда ашық чемпионат бастау алды. Дүбірлі додаға Қырғыстан, Өзбекстан және Республика аумақтарынан жауынгерлер келген.
Жеңіл атлетика кешенінде өтіп жатқан ашық чемпионат жасөспірімдер, ересектер, әйелдер және ардагерлер спортшылар арасында өтеді. Шынықсаң шымыр боласың деп ұрандатқан жауынгерлер бүгін ашық додада көршілес ел балуандарымен тәжірибе алмасады. Шеберліктерін шыңдауға келген спорт саңлақтарының бүгінгі сынға асқан дайындықпен келгенін байқауға болады.
GAMMA MMA жауынгерлік аралас жекпе-жек әмбебап спорт болғандықтан жұртшылық оны қызыға қарайтыны мәлім. «Мықты жауынгерлеріміз Қазақстанда жеткілікті, бұл спорт түріне қызығатын жастардың да қатары артып келеді. Ал, бүгінгі чемпионатта жерлестеріміз міндетті түрде жеңіске жететініне сеніміміз мол » - деді Арман Оспанов.
Мамандардың айтуы бойынша аралас жекпе жектің басты ерекшелігі бірнеше спорт түрінің бірігуі. Қәзіргі таңда әлем бойынша бұл спорт түріне жеті жүз миллионнан астам адам қызығушылық танытады екен.