Қала әкімі Мұрат Әйтенов Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен кездесті. Жиын барысында өзекті мәселелер талқыланып кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жобалар таныстырылды.


Әл-Фараби ауданына Еңбекші ауданынан 10 мөлтекаудан  өткен. Солардың қатарында Тараз, Сайрам Теріскей, Күншығыс мөлтекаудандары бар. Бұл жолға жиынға  осы аудан тұрғындары қатысты.  Көпқабатты үйлердің үй басқарушылары атқарылып жатқан шаруалармен танысты. Төрт мөлтекауданда 165 көпқабатты үй бар.
Бұл мөлтекаудандар инфрақұрылым жұйесімен  100 пайыз қамтылған. Десекте талай жылдық электр желілердің тозығы жеткен.  Қала әкімі Мұрат Әйтенов бұл мәселелерде назарда тұрғандығын сөз етті.
Ірі қалаларда ауыл шаруашылығына аса мән берілмейді. Бірақ шымкенттіктердің басым көпшілігі тұрғын алаптарда қоныстанғандықтан түлік түлетіп, жеміс өсіруге мүмкіндік бар. Өнімді қайта өңдеу өнеркәсібіне де барлық жағдайлар жасалып отыр.
Бұл жиындардың басты  мақсаты өзекті мәселелерді дер кезінде анықтап оның шешу жолдарын қарастыру. Сонымен қатар тұрғындарға мемлекеттің ұсынған тиімді жобаларын таныстырып кәсіпкерлікке тарту. Ал отлық тоқсандық жылдық есеп жиындары  көктемде басталады.