Ақын. Ана. Әже. "AMANAT"партиясының қолдауымен “Әйел аманаты” жобасы аясында осындай атаумен сыр сұхбат кеші өтті. Іс-шараны Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми әмбебап ктітапханасы ұйымдастырды.


Жиын барысында оңтүстіктен шыққан ақын аналарымыз Ақмарал Леубаева, Маржан Есжанова, Карима Ораловалар “бір қолымен бесіктегі баланы, бір қолымен әлемді тербетіп” жүрген аруларымыз жайлы өзекті тақырыптар қозғап, өз өмірлеріндегі өнегелі дүниелермен бөлісті.  
Айтыстық аққулары атанған әз аналар өңірдің ғана емес, республиканың, елдің сөз өнерінің дамуына үлес қосып жүрген тұлғалар. Түркістандағы төрт ару-ақын атанған олар жиын барысында келушілерге өздерінің терең өмір тарихын, дастандарын баяндады
Қазір ұлттық өнерді тұғырында ұстап тұрған жанрдың бірі –айтыс. Республика көлемінде «Алтын домбыра» сынды ақындар жарысы жылда өткізіледі. Одан бөлек, аудан, қала, облыс деңгейінде де түрлі айтыстар ұйымдастырылып тұрады.