Жетісай ауданында этносаралық қақтығыс мәселесі талқыланды. Түркістан облыстық прокуратурасының ұйымдастыруымен өткен жиында жергілікті жерде саяси тұрақтылық та сөз болды. Жанжалдың алдын алу, халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, мəдениет деңгейін, заңдарды түсіндіру, құзырлы органдардың құқық қорғау рөлін арттыру жайы кеңінен талқыланды.


Жергілікті жерде саяси тұрақтылық пен ұлтаралық қақтығыстардың, жанжалдардың алдын алу басты назарда болып отыр.  Халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, мəдениет деңгейін, заңдарды түсіндіру, құзырлы органдардың құқық қорғау рөлін арттыру да елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тəртіпті нығайту үшін азаматтық қоғам мен құқық қорғау органдарының күш-жігерін біріктіру мақсатында өткізілген жиында этносаралық бірлікті сақтауда аудандарда атқарылып жұмыстардың барысы айтылды. Қойылған көкейкесті сұрақтарға тиісті сала мамандары тарапынан тиісті жауаптар берілді.
Ауыл шаруашылығы, жер даулары, сот актілерінің заңдылығы, қоғамдық тәртіп, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік салаларға қатысты әлеуметтік желілерде жазылған сыни материалдар мен жекелеген арыздардың орындалуы сөз болды. Айтылған мәселелер мен ұсыныстар назарға алынды.
Жиын нәтижесі бойынша айтылған әрбір мәселе хаттамаға енгізіліп, талдау жұмыстары жүргізіліп іс-шаралардың нақты жоспарлары әзірленіп, көтерілген негізгі проблемалық мәселелерді шешу үшін жауаптылар бекітілді.