Бүгін AMANAT партиясының Шымкент қалалық филиалында баспасөз брифингі өтті. Шымкент қаласының экс-мәслихат депутаты, мәслихаттағы AMANAT партиясының фракция жетекшісінің орынбасары Жадыра Танатарова партияның республикалық Саяси кеңесінің мүшесі ретінде фракцияның атқарған жұмысы жайлы есеп берді.


Экс-депутат  2021-2022 жылдар аралығында атқарылған іс-шараларға және партиялық бағдарламалардың орындалуына кеңінен тоқталып өтті. Ол өз сөзінде: «фракция мүшелерінің белсенділіктерінің арқасында қалалық бағдарламаны орындауға бюджеттен 5 жылға 1,3 триллион теңге бөлінген болатын. Бұл партияның сайлаушылар алдындағы берген әр іс-шараның жүзеге асуына мүмкіндік болды. Соның нәтижесінде 2021 жылы сайлауалды бағдарламаны 92 пайыз орындап шықтық. Ал, бағдарламаның 2022 жылға жоспарланған іс-шараларының орындалуы фракция мүшелерінің тарапынан қатаң бақылауда болғанын жеткіземін. Орындалмау қауіпі бар іс-шаралар бойынша фракцияның 11 отырысының 6 отырысында күннің қарарында қаралды. Жыл қорытындысымен сайлауалды бағдарламаның 85 пайызы орындалып отыр. Қалған іс-шаралар себептерге байланысты осы жылға өтпелі болды», - деп атап өтті фракция жетекшіснің орынбасары