ҚР Премьер-министрі Әлихан Смаилов Шымкент қаласындағы іс-сапары аясында «Standard Steel KZ» зауытының жұмысымен танысты. Үкімет басшысына жобаның «Саутс Ойл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржыландыруымен жүзеге асып жатқаны, жобаның жалпы құны 13,3 миллиард теңгені құрайтыны баяндалды. Өндірістің алғашқы кезеңі өткен жылы іске қосылған болатын.


Қорғасын зауытынан шыққан қалдықтарды қайта өңдеу арқылы, түсті металдар консентратын өндіруге бағытталған жобаның жалпы құны 13,3 миллиард теңгені құрауда. Өндірістің алғашқы кезеңі өткен жылы іске қосылып 346 мың тонна қалдық қайта өңделген. Одан, метал концентраттары алынуда.
Биылғы жылы зауыттағы 2 пешті іске қосу көзделіп отыр екен. Нәтижесінде, жылына 600 мың тоннаға дейін қалдықтарды қайта өңдеуге мүмкіндік тумақ. Тау болып үйілген мұндағы қалдықтар тазартылса, оның орнына индустриалдық аймақ ашылып, шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсетілмек. Бұл ретте, Шымкент қаласы әкімдігінің «Іскер қала» жобасы дайын тұр. Кәсіпкерлерге көмек ретінде  үш жылдық жалдау ақысын төлеп беретін бұл жоба, олардың аяқтан тұрып кетуіне осылайша дем бермек.  
Өндіріс ошағының бірінші кезеңінне 2.8 миллиард теңге инвестиция тартылып,  мыс-күміс консентратын шығаратын өндіріс іске қосылған. Ал, екінші кезеңнің инвестициялық құны 10.5 миллиард теңгені құрамақ. Ол іске қосылғанда зауытта жылына 20 900 тонна мырыш оксиді өндірілетін болады. Үкімет басшысы Әлихан Смаилов бұл жобаларға өзінің оң бағасын беріп, ҚР Ұлттық  экономика министрі Әлібек Қуантыровқа жобаны өзге өңірлерде іске асырылуын тапсырды.