Білім сапасы басты назарда! Шымкент қаласына арнайы іс-сапармен келген  ҚР оқу ағарту бірінші вице-минстрі Шолпан Каринова осылай деді. Вице-министр жергілікті халықпен кездесіп, ата-аналрды алаңдатқан бірқатар сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.


Вице-министр Шолпан Каринова алдымен өткен жылда атқарылған жұмыстар жайын баяндап, жаңа 2023 жылдың жоспарымен бөлісті. Сонымен қатар,Шымкент қаласының білім беру саласындағы түйіні тарқамаған түйткілдерге тоқталып өтті. Шымшаһарда бүгінгі таңда 4 3 ауысымды мектеп бар. Одан бөлек 21 мектепте орын тапшылығы байқалады екен. Бұл вице министрдің айтуынша үшінші мегаполис үшін үлкен көрсеткіш.
Сондай-ақ, Шолпан Таңатқызы Шымкентте жақсы дамып келе жатқан салалардың бірі -жекеменшік мектептердің ашылуы екенін айтты.
Шолпан Каринова балабақшадағы бүлдіршіндерді тәрбиешілердің ұрып-соғуы өткен жылдың өзекті тақырыбына айналғанын жасырмады. Бұл бағытта зерттеу зерделеу жұмыстары жүріп жатқан көрінеді. Алдағы уақытта тәрбиешіні жұмысқа алу кезінде бірнеше критерийлер назарға алынады екен.
Жиын соңында Оқу ағарту вице министріне тұрғындар өздерін алаңдатқан сауалдарын қойды. Олардың бірі білім сапасына тоқталса енді бірі асхананың жайын айтты.
Ковид індетінің кезінде алынған компьютер- ноутбуктер бүгінде шаң басып жатыр, -дейді қала тұрғыны. Оның айтуынша бұл техникаларды оқушыларға таратып беру керек, ізденіп білім алу үшін.
Кездесуден соң Вице-министр кейбір тұрғындарды өтініштері бойынша жеке қабылдады. Шолпан Каринованың айтуынша елдегі білім сапасын арттыру бір ғана министрліктің қолынан келе қоятын жұмыс емес. Ол үшін ұстаз мұғалім түрлі деңгейдегі басшылар, оқушылар мен ата-аналар барлығы бір жеңнен қол бір жағадан бас шығарып, білек сыбана кірісетін жұмыс деді.