Сарыағаштық шаруа Папайя мен Банан өсіруді қолға алды. Диқан тропикалық жемісті жылыжайда өсіріп, жерсіндіріп отыр. Жалпы түркістандықтар үшін тропикалық жемістер таңсық болмай қалған.


Жергілікті кәсіпкер экзотикалық жемістің көшетін өткен жылы Өзбекстаннан әкелгенін еккен. Алғаш отырғызғанда көшеттердің бойы 15-20 см ғана болғанын айтады. Бір жылдың ішінде Папайя 2 метрге, ал Банан 6-7 метрге дейін өскен. Диқан жеміс ағаштары «ауруға төзімді, жылу берсе болды, өсе береді»,-дейді. Ешқандай химиялық қоспа мен минералды тыңайтқыш бермеген. Топыраққа тек өздерінде өндірілетін биогомус қосқан. Папайяның бір ерекшелігі – жыл он екі ай бойы гүлдеп, жеміс береді. Асты піскен сайын,  үсті гүлдеп, түйін салады. Ал бананның ағашы өнімін 14-15 айдан кейін алуға болатынын айтады. Қазір түйіндері кішкентай. Өңірде банан өсірушілер бұрында болыпты. «Бірақ өнім алғандарын көргенім жоқ,-дейді диқан. Ал папайя біздің елде алғаш рет өсіріліп отыр.