Түркістан облысында шыбын-шіркейге қарсы залалсыздадыру жұмысы басталады. Облыс ауыл және мал шаруашылығына бейімді аумақ болғандықтан, мұнда қансорғыштардың көптеп болатынын ескеру қажет деп отыр мамандар. Қос қанатты қан сорғыштар әсіресе көктем жаз айлардында көбейеді. Соның алдын алыу үшін жауаптылар дезинсекция жұмыстарын ерте бастағанды дұрыс көреді.


Түркістан облысының аумағында  шыбын-шіркей мен қансорғыш жәндіктердің көбеюі әсіресе көктем және жаз айларында байқалады. Бұл өз кезегінде тұрғындардың күнделікті тіршілігіне де  зиянын келтіреді.  Осы ретте Сырдария өзені бойында орналасқан елдімекен аумақтарында 6492 гектар жерге дезинсекциялық жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр.
Биыл облыс мамандары Алматы қаласындағы зоология институтның білікті қызметкерлерінің көмегіне жүгінбек. Дезинсекция шараласын жүргізуге  мемлекеттік сатып алу конкурсы да өтіп қойыпты. Ал залалсыздандыруға арналған сұйықтықтың қоршаған ортаға зияны жоқ дейді жауаптылар.
Айта өтейік, қазіргі таңда шіркейлердің көптеп шоғырланатын жерін анықтау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.