:  2023 жылғы наурыз айының басында Шымкент қаласының Терроризмге қарсы комиссия аппараты тарапынан аумақтық құқық қорғау және арнайы органдарымен бірлесіп, қала аумағында орналасқан аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық, қауіпті өндірістік және адам көп шоғырланатын 55 объектінің жауапты өкілдеріне терроризмге қарсы іс-қимыл дағдыларын түсіндіру бойынша семинар өткізілді.


Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес аталған объектілерге қойылатын негізгі талаптар жеткізілді. Оқу-жаттығуға қатысушыларға терроризм актісі туралы хабарламалар келіп түскен кезде және объектіде күдікті заттардың анықталуы барысында алғашқы ден қою шаралары айтылды. Бұдан басқа, қатысушылармен объектідегі өткізу режимінің талаптары қосымша пысықталды. Іс-шара барысында тақырыпқа сай арнайы әзірленген видео, фото материалдар көрсетілді.