Шымкенттіктер Наурыз мерекесі қарсаңында Шежіре күнін тойлады. Қалалық мәдениет басқармасына қарасты мекемелер Арбат саябағында шежіре шеруін ұйымдастырды. Оған 120 ға жуық өнер майталмандары қатысып, тарихтағы белгілі тұлғалардың бейнесін сомдады.
16 наурыз – Шежіре күні. Бұл күні отбасының, ел-жұрттың, жеті атаның тарихы айтылып, шежіресі таратылады. Айтулы датаны Шымкент цирк мекемесі ауқымды атап өтті. Қала көшелерінде шежіре шеру ұйымдастырды.
Театрландырылған шеруде Шығыстың ұлы тұлғалары, батырлар, билер, ұлттық киімдегі ходулисттер, қыз көші көріністерікөпшілік назарына ұснынылды.
Іс-шараның мақсаты өскелең ұрпаққа ұлтымыздың тарихынан, салт-дәстүрінен хабар беру. Сондай-ақ ұлтымыздың қаһарман тұлғаларын жас буынға дәріптеу. Айта өтеік, шежіре шеруі Әл-Фараби алаңынан басталып Арбат саябағы арқылы «Қиял әлеміне»қарай жалғасты. Мерекелік шара сағат 20:00 ге дейін жалғасады деп жоспарланған.