Ордабасы ауданында қолайлы бизнес–ахуалды құру басты мақсат. Осыған байланысты тұрлі шаралар өтуде. Бұл жолы құзырлы орган қызметкерлері бизнесте кездесетін кедергілерді жою жайында жиын ұйымдастырды.


Аудан аумағында қолайлы бизнес–ахуалды құру және инвестициялық тартымдылықты арттыру жөнінде аудан прокуроы Кәукен Нәрікбаевтің төрағалығымен кәсіпорын басшыларының қатысуында мәжіліс өтті. Аталған мәжіліске аудан прокуроры аудан әкімінің орынбасары, тиісті сала және дербес бөлім басшылары, жергілікті тауар өндірушілер, өндірістік кәсіпорын басшылары, және БАҚ өкілдері қатысты.
Мәжілісте Әр бір инвестициялық жобалардың өзекті мәселелерін талқылап, шешу жолдарында тиісті мекемелермен сүйемелдеу қызметін көрсету, аудан бюджетінің кіріс көзін ұлғайту мақсатында аудан көлемінде орналасқан алайда, өзге аудан, қаланың  кірістер басқармасына тіркелген кәсіпорындарды ауданға тіркеу жұмыстарын кәсіпорын басшыларының келісімімен бірлесіп жүргізу тақырыптары қозғалды.
Сонымен қатар қоршаған ортаға шығарылатын ластаушы заттардың мөлшерін азайту мақсатында аудан аумағында орналасқан қыш зауыттарының пештеріне арнайы мұржа (фильтр) орнату жайы сөз болды. Ордабасы аграрлы аймақ. Сондықта шаруаларға жайлы жағдай жасау күнтәртіптен түскен емес. Жиында көктемгі дала жұмыстарына шаруаларға берілетін жеңілдетілген жанар-жағармай бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды түсіндіру барысы назардан тыс қалмады.