Салық төлеушілер назарына! Темір тұлпарыңыздың  салығын 1 сәуірге дейін кешіктірмей төлеңіз. Әйтпесе, өсімпұл қосылады. Егер де, белгіленген мерзімде берешегіңізді өтемесеңіз, шотыңыз бұғатталып, автокөлігіңіз айып тұрағына жөнелтілуі мүмкін.


Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ескертеді. Жеке автокөлігіңіз болса, 2022 жылдың салығын осы айдан кешіктірмей төлеуіңіз керек. Осы орайда, салық төлеушілер мәліметті е-салық немесе каспий, халық мобильді қосымшаларынан білуге болады.
Автокөлігіңіздің салығын кешіктірген жағдайда өсімпұл қосылады. Егер де, белгіленген мерзімде берешегіңізді өтемесеңіз, шотыңыз бұғатталып, автокөлігіңіз айып тұрағына жөнелтілуі мүмкін. Сондай-ақ, жеке практикамен айналысатын азаматтар мен кәсіпкерлер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заңының 82 бабына сәйкес, салықтық өтініш айналым мөлшерінің ең төмен айналымынан асып кетуі туындаған жағдайда  ай аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей екі тәсілмен жүзеге асыруы қажет.
Егер де, салықты уақтысында төлемеген жағдайда ҚР ӘҚБтК 269 бабына сәйкес 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатынын мамандар ескертеді. Бұдан басқа, заң аясында шектен асқан кезден бастап ҚҚС-қа қойылғанға дейінгі кезең үшін салық салынатын айналым сомасының 15 пайыз мөлшерінде айыппұл түрінде жауапкершілік көзделген.