Түркістанда Әз-Наурыз мерекесіне орай дойбы, үстел теннисі және пара пауэрлифтингтен «Сауран» спорт клубының ашық біріншілігі өтті. Көру қабілеті төмен және тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасындағы сайыста 40-қа жуық пара спортшы бақ сынады.


«Сауран» спорт клубының ашық біріншілігі Наурыз мерекесінің 10 күндік іс-шарасы аясында ұймдастырылып отыр. Спорттық жарыста көру қабілеті төмен және тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар бақ сынап, кіл мықтыны анықтайды.
Ұлыстың ұлы күні мейрамы қарсаңында Түркістан облысында түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылып отыр. Түркістанда «Денсаулыққа 10 мың қадам» акциясының өтуі соның дәлелі дейді басқарма басшысы.
Жарыс қорытындысы бойынша дойбы сайысында ерлер арасында Мәулен Алдабергенов, әйелдер арасында Сәуле Абуова, үстел теннисінен 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында Дамир Пак, ересектер арасында Мақсат Қыдырша жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, пара пауэрлифтингтен Бағланбек Оңалбек +75 келі салмақта, Жаңабай Кенжетаев 75 келіге дейін, қыздар арасында Гүлбану Исабекова +75 келі салмақта, Ақтолқын Сейлбекова 75 келіге дейінгі салмақта 1-орынды иеленді. Жарыс женімпаздары мен жүлдегерлері медаль, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады.