«Археологиялық және жазбаша дереккөздер контекстіндегі Еуразияның ежелгі және ортағасырлық мемлекеттері мен көшпенділер одақтары». Дәл осы тақырыппен халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.


Конференцияда ірі ғалымдар, академиктер баянадама оқып, өзекті мәселелер көтерілді. Ал университет жанындағы археологиялық орталықта Оңтүстік Қазақстан, Түркістан облысы аумағындағы ерте дәуір ескерткіштерін, оның ішінде көне Қаңлы мемлекетінің материалдық мәдениетін зерттеу кешенді түрде жүргізіліп келеді. Оған басшылық жасайтын археолог-ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор А. Н. Подушкин жарты ғасырға жуық уақыт Оңтүстік Қазақстанның жүздеген көне ескерткішін, Қаңлы бірлестігінің полиэтникалық табиғатын ашты. Өз тарихымызды зерделеп, ұлттық кодқа негізделген ұлттық сананың кемелдене дамуы өзекті болып отырған бүгінгі таңда аталған бағыттағы зерттеу жұмыстарына сұраныс өте жоғары. Ал биыл 70 жылдығын атап өтетін профессор Подушкин қазақ жерінің көне тарихын зерттеуді жалғастыра бермекші.