Имамдар сыбайластық қылмысына қарсы. Қаламыздағы дін қызметкерлері өзекті мәселенің алдын алуға атсалысып жүр. Енді жұма намазға келген жамағатқа имамдар жемқорлықтың жауапкершілігі жайында сөз қозғайтын болады.


Өткен жылы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен 116 қылмыс тіркелген. Оның ішінде 92-і сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар .   Салаларға келетін болсақ, ең көп қылмыс құқық қорғау органдарында – 41, денсаулық сақтау слаасында - 28, мәдениет - 23, Жанар-жағар май - 8, білім саласында -5, квазимемлекеттік секторда - 6, құрылыс саласында - 3 қылмыстан тіркелген. Департамент қызметкерлері осы қылмыстың алдын алу күресіне имамдарды шақырып отыр.
Бұл ұсыныстарды қаланың бас имамы тыңдап алдағы уақытта муфтиятпен келісе отырып жүзеге асыруға уәде етті. Жиын барысында рамазан айында атқарылатын шаруаларда пысықталды. Бас имамның айтуынша, қаламыздағы 45 мешітте «Рамазан шатыры» жайылып, онда күнделікті ауызашар ұйымдастырылады. Қасиетті айдың құрметінде қаладағы 5 ауданның орталық мешітінде қала әкімдігімен бірлесе ауызашар себетін үлестіру жоспарланып отыр.
Өткен жылы ораза айында  30 мың отбасыға азық-түлік себетін тарату көзделген болатын. Жомарт жандардың қайырлы істерге деген белсенділігінің арқасында 34 мыңға жуық отбасыға Рамазан себеттері үлестірілді. Биыл да осы бағыттағы қайырымдылық жұмыстарын жандандырғалы отыр.