Шымкент қаласы бойынша 330 сайлау учаскесінде 639 663 сайлаушы тіркелген. Бүгін таңнан бері саяси науқан қызып тұр. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов сайлауда өз таңдауын жасады.


Бұл сайлау учаскеде ерекше көңіл-күй. Дауыс берушілерде белсене атсалысуда. Бұл сайлаудың ерекшелігі  тұрғындар бір емес төрт бюлетенге белгі қояды. Қала әкімі Мұрат Әйтенов те азаматтық құқығын пайдалана отырып өз таңдауын жасады. Ел болашағын айқындайтын таңдау жасадым –дейді қала басшысы.
Шымкентте сайлау республиканың өзге өңірлеріндегідей заң талаптарына сай,  таңғы сағат 7-де басталды. Алайда қаладағы 330 сайлау учаскесінің екеуі әскери бөлім.  Олардың ерекшелігі сол,  сайлау бір сағат ерте,  таңғы сағат 6.00-де басталды.  Сонымен қатар,  сайлау учаскелерінің жұмысын тек аккредитациядан өткен байқаушылар мен кандидаттардың сенімді өкілдері бақылай алады. Сайлау әділ өтеді –дейді қалалық сайлау комиссиясының төрағасы.