Қаладағы сайлау учаскелері жұмысын таңғы 7:00 ден бастады. ҚР парламенті мәжілісінің депутаттары мен қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлерге дауыс беру үшін №93 сайлау пунктіне таң азанымен келіп белсенділік танытқандар көп. Басымы ересектер.
Таңмен таласа өз таңдауын жасағандардың бірі қаладағы белсенді ардагер Досыбай Шерімқұлов. Ол №93 сайлау учаскесінде алғаш болып дауыс берді. Елдің болашағына алаңдаған қария саяси додада әр-бір азаматтың дауысы маңызды екенін алға тартады.
№93 сайлау учаскесінде 1721 сайлаушы тіркелген. Учаске төрайымы оның екеуі мүмкіндігі шектеулі жан екенін айтады. Сағат 12:00 ге дейін комиссия мүшелері өтініш қалдырған сайлаушылардың шаңырағына баратын балады.
Айта өтейік, Шымкент қаласында тұрғындар 512 сайлау учаскесінде таңдау жасайды. Қаламызда белсенді дауыс беру құқығына 639 663 сайлаушы ие.