Дауыс беру кешкі сағат 20-00-ге дейін жалғасады. Сайлау учаскелерінде қызу жұмыс жүріп жатыр. Ал, М. Әуезов атындағы №101 сайлау учаскесіне таңертеңмен ертелетіп, қалалық ардагерлер ұйымының мүшелері барды. Зиялы қауым өз таңдауларын жасап, саяси науқаннан жақсылық күтетіндерін жеткізді.
Өмірбек ата Заң саласының құрметті судьясы. Талай жыл ел дамуына талмай үлес қосып, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отыр. Қоғамдық өмірден қол үзбеген қария бұл жолы да сайлауға белсене қатысты. Өйткені, саяси науқанда әр азаматтың дауысы маңызды дейді.
Ал, Жамал апай құрметті демалыстағы ұстаз. Бүгінгі сайлауға оны келіні алып келді. Тағдыршешті кезеңге бей-+жай қарай алмаймын деген ардагер ұстаз өзінің дұрыс таңдау жасағанына қуанды.
Ақылы дария қариялар дауыс беруде белсенді әрі сауатты әрекет етті. Ал, сайлау учаскесіне келе алмайтын жандар алаңдамаса да болады. Олар үшін жылжымалы сайлау комиссиясы жұмыс істемек. Сайлау учаскесіне жауаптылар таңертең Өзбекстаннан онға жуық халықаралық байқаушы келді дейді.
Дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейін бірден жүзеге асырылады. Оны санау ұзақтығы 12 сағаттан аспайды. Ал, дауыстарды санау аяқталғаннан кейін бірден хаттама жасалады.