Сайлауға атсалысып жатқандар көп. Әзірге ресми деректерге сүйенсек, сағат 14:00-де Шымкент қаласында учаскеге келіп, дауыс берушілердің үлесі 38 пайызға жеткен болатын. Арнаның түсірілім тобы №164 сайлау учаскесіне барып, көпбалалы ананың отбасымен келіп дауыс беру сәтіне куә боп қайтты.
11-шағынауданы, №36 мектеп ғимаратында орналасқан №164 сайлау учаскесіне де таңмен таласа келіп, дауыс беріп жатқан тұрғындар көп болыпты. Солардың бірі – Ғазиза Исматованың отбасы. Балалары, келіндері, тіпті кішкентай бөбектеріне дейін алып келген. Сондағы мақсаттары – еліміздің тарихи тағдырына әсер ету, өз азаматтық позициясын білдіріп, борышын орындау болыпты.