Қазір үшінші мегаполисте 330 учаскеде сайлау науқаны қызып жатыр. Оның 24-і жабық учаскелер. Уақыт өткен сайын дауыс берушілердің қатары артып келеді. «Оңтүстік» телеарнасының тілшілері де таң азанымен сайлау пунктеріндегі жағдайды бақылауда ұстауда. Қазір әріптесім Нұрлан Пайзов Мұхтар Әуезов атындағы оңтүстік Қазақстан университетіндегі № 101 сайлау учаскесіндегі келушілермен тілдесуде. Тілшіміз студиямен тікелей баланысқа шығып тұр. Нұрлан сайлау науқаны аяқталуына бірнеше сағат қалды. Сіз тұрған учаскеде жағдай қалай болып жатыр? Сайлаушылардың белсенділігі қандай?
Нұрлан Пайзов – тілші
Рақмет, студия! Мен тұрған №101 сайлау учаскесінде жағдай бір қалыпты. Келушілер сәл саябырсыған. Тұрғындардың басым бөлімі белсенділік танытып, түске дейін таңдауларын жасап қойыпты. Бұл сайлау пунктінде 1588 сайлаушы тарихи таңдауын жасауы керек. Жалпы №101 сайлау учаскесіндегі жағдайды осы пунктің төрағасының орынбасары Айдос Мұсабековтен сұрап білейік.
Айдос Мұсабеков - №101 сайлау учаскесі төрағасының орынбасары
-Айдос мырза бұл учаскеде жағдай қалай болып жатыр? Сайлаушылардың көңіл күйі қалай?
-Бүгін қалада кей сайлау учаскелері ұлттық тағам әзірлеп, келушілерге наурыз көже ұсынды. Сіздердің сайлау учаскелеріңізде қандай да бір ерекше жағдай орын алды ма?
Нұрлан Пайзов – тілші
Пікіріңізге рақмет. Қазір сағат кешкі алтыдан асты. Науқанның аяқталуына әлі екі сағаттай уақыт бар. Шаһар тұрғындарын сайлау науқанына белсенді атсалысуына қала билігі жағдай жасап отыр. Бүгін қоғамдық көліктерде жүру тегін. Айта кетейін біз бүгін бірнеше сайлау пункттерінде болған едік. Барлығында сайлаушылар үшін жағдай жасалғаны көрініп тұр. Студия мендегі ақпарат әзірге осы. Тізгін өздеріңізде!