Шымкенттік спортшылар да өз таңдауын жасады. Еліміздің туын талай дүбірлі додаларда биік ұстап жүрген Софья Берульцева тұрғылықты жері бойынша тіркелген №6 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді.


Менің таңдауым болашақ үшін маңызды, деген каратэші ару  жерлестерін саяси науқаннан шет қалмауға шақырды. Осы орайда,  ХХХІІ Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері халық таңдауының адастырмайтынына бек сенімді. Тұран ауданының аумағындағы №23 ЖОМ орналасқан №6 сайлау учаскесінде 1728 сайлаушы тіркелген.