Абай ауданы Ынтымақ тұрғын алабындағы жұртщылық бүгін қос қуанышты атап өтті. Болашақты айқындайтын сайлау мен наурыз мерекесін қатар тойлады.


Ынтымақтықтардың барлығыда белсенді. Содан болар бұл жолғы сайлауға да бірлесіп  атсалысты. Дауыс беріп таңдауын жасауға көше тұрғындар түгел келді. Барлық іске жұмыла кірісетін жұртшылық саяси науқанда да бірлігін  танытты.
Өз таңдауын жасаған тұрғындар  көше болып ұйымдастырылған Наурыз мейрамында барды.   Ұлыстың ұлы күнінде ақ бата төгіліп, аста-төк дастархан жайылды. Ұйымдастырушылар бұл істің барлығы бірліктің арқасында –деп отыр. Себебі бірлік бар жерде тірлік бар.  
Мерекелік жиында ұлттық ойындар насихатталды. Блалар асыр салып асық ойнап, арқан тартып жарысты. Өнерпаздар әннен шашу шашып тыңдарманның құлақ құрышын қандырды. Осылайша ынтымақ тұрғындары үшін бүгінгі күн қос қуанышқа ұласты.