«Көрме» орталығында тауар өндірушілердің қатысуымен өңіраралық көрме-жәрмеңке өтіп жатыр. ОндаТүркістан, Жамбыл Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласындағы кәсіпорындар өз өнімін ұсынды.Шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы барып, көрме-жәрмеңкені аралады.


Көрменің мақсаты – отандық тауар өндірушілердің жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өнімдерімен кеңінен танысу, жаңа серіктестер іздеу және өзара тиімді келісімдер жасасу. Көрме арқылы отандық өндірушілерді насихаттап, кәсіпорындарға жаңа технологияларды енгізуге ынталандырады.
Көрмеде химиялық, машина жасау, тамақ, жеңіл, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс материалдары мен агро-өнеркәсіп кешенінің 100-денастам кәсіпорны өз өнімдерін ұсынған.
Екі күндік көрме-жәрмеңкеге іскерлік байланыстарды орнату үшін әлеуетті тұтынушылар шақырылды. Атап айтсақ, мердігер компаниялар және әртүрлі саладағы жобалық ұйымдар, қонақ үй және мейрамхана бизнесінің өкілдері, сауда және дистрибьюторлық компаниялар және жергілікті атқарушы органдар.
Бүгіндеүшінші мегополисте 1 915 өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 71-і–ірі және орта өндірістер. Кәсіпорындардың 80% өңдеу өнеркәсібі салаларында жұмыс істейді.