Ордабасы ауданының тұрғындары Наурыз мейрамын ерекше атап өтті. Он мыңға жуық  адамның  басы қосылып ұлттық мерекенің ажары ашылды.


Мерекеге орай ұйымдастырылған театырландырылған қойылымның өзіне 300 ден астам өнерпаз жұмылдырылған. Балғын өнерпаздар би билеп, көптің көзайымына айналды. Ал аудандық мәдениет үйінің әртістері Абылайханның қазақ әскерінің рөлін  сомдап көрерменді тәнті етті. Осылайша биылғы мереке ерекше ұйымдастырылды. Аудан әкімі Нұрбек Бадырақов жиынға келген халықты мерекемен құтықтады.
Той алаңына әр ауыл округі акімдігі мен аудандағы бөлімдер бір бір киіз үй тіккен. Қырдағы қазақы үйлер мерекенің ажарын ашты. Астатөк ас әзірленіп келген меймандар дәмнен ауыз тиіп ақ баталарын жаудырды. Аудандағы әр мекеме ұжымының өзі  үйінің алдында дәстүр салтты насихаттайтын көрініс көрсетті.
Мерекелік жиында олттық спортта қалыс қалмады. Қошқар көтеру, арқан тартыс, қол күрес, кір тасын көтеруден  сайыстар ұйымдастырылды. Білекті жігіттер бақ сынасып кіл мықтыдан кім мықтыны анықтады. Ерекше ұйымдастырылған Наурыз мейрамына келген қонақтар таңданысын жасырмады.
Ордабасыдағы  Қарауылтөбенің батысындағы жайылым қазір жасыл желекке көмкерілген.  Осы жасыл жайлауда ұйымдастырылған мерекелік жиын көптің көңілінен шықты.  Наурыз тойға келген ағайын өнермен сусындап, бір бірінен саулық сұрасып шат көңілмен тарқады.