Шымкенттегі «Мұса» сауда орталығының қызметкерлері бір жылдық мерейтойын наурыз қарсаңында атап өтті. 80-ге жуық дүкен жұмыс істеп тұр.


Самал базарының  маңында осыдан бір жыл бұрын наурыз қарсаңында ашылған  сауда орталығы бүгінде қаладағы  ірі нысандардың біріне айналды.  Сау¬¬дагерлерге де тиісті жағдай жасалған.  300- ге жуық адам жұмыспен қамтылып, орталық ауқымы кеңейіп келеді. Жабық сауда орталығының ғимараты заманауи үлгіде жылдың төрт мезгіліне де қолайлы етіп салынған. Яғни, тұрғындар сапалы қызметті тұтыну мүмкіндігіне ие.
Сауда орталығының іші жарық, жарқын. Киім-кешектің кең таңдауы бар. Аяқ киімнің түр-түрі, сәнді көйлектер мен жейделер, аксессуарлық заттар.  Той салоны орын тепкен. Бағасы да қолжетімді. Сапасы жоғары. Мерейтой салтанатында сауда үйінің қызметкерлеріне дастархан жайылып, қазақтың түрлі рәсімдері көрсетілді. Ұлттық нақыштағы киімдер дефилесі де ұсынылды.
Сауда үйінің атауы Мұса Қасқабаевтың құрметіне қойылған. Ол кісі елге сыйлы абыройлы болыпты. Қарапайым мал дәрігері болып жұмыс істеген. 11 перзентті бағып-қағып, жеткізсе, бүгінде балаларының бәрі бір-бір кәсіптің иесі атанып отыр