ТҮРКІСТАНДА МЫРЫШ ЗАУЫТЫ АШЫЛАДЫ

ДИКТОР: Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түрік инвесторларымен кездесті. Басқосуда тараптар елдің рухани астанасында мырыш зауытын салу жайын ақылдасты. «Джейланд Холдинг» компаниясының басшылары жаңа жоба үшін 40 млн. АҚШ долларына дейін жұмсауға дайын екенін жеткізді. Кәсіпорын «Түркістан еркін экономикалық аймағының» аумағына кіреді. Жоспар іске асса жаңа жұмыс орындары ашылып, сапалы отандық өнімнің қатары толыға түспек. Айта кетсек, бүгінге дейін Түркістан облысында түрік инвесторларының қатысуымен 50-ден астам инвестициялық жоба жүзеге асқан.

Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі
-    «Түркия мен Түркістанды ежелгі тарихи тамырлар мен рухани көзқарастар байланыстырады. Түркия – еліміздің маңызды, стратегиялық және сенімді серіктесі. Түркістанды дамытудағы қазақ-түрік ынтымақтастығының маңыздылығы белгілі. Біздің қалада халықаралық әуежай мен басқа да маңызды нысандардың құрылысына түрік компаниялары қатысқан. Алда тағы да ірі жобаларды қолға алуға атсалысамыз.