Былтыр Шымкентте жауын-шашын ерте жауып күздік бидай толық егілмеді. Шаруалар осы олқылықтың орнын толтыру үшін көктемгі дала жұмыстарын тездетуде. Мегаполис айналасындағы егістік жерде науқан қызып тұр.


Былтыр күзде дәнді дақылын дер кезінде сеуіп үлгермеген шаруашылықтың бірі «Агросервис БМБ» ШҚ. Агроөнеркәсіп кешені қаламыздағы ірі қожалықтың бірі. Иелігінде 3 мың гектардан астам егістік жері бар.  Күз маусымында алқаптың 2 мың гектарын ғана игеріп үлгеріпті.  700 гектар бидай 360 гектар арпа қалғаны мақсары дәнін сепкен. Осы алқапты игеруге   жылына 200 тоннадан астам жанармай жағады екен.  Төрағаның айтуынша мемлекеттен жеңілдіктер қарастырылған. Бірақ көмек дер кезінде келмей қалатын көрінеді.
Жалпы Шымкентте биыл 27 мың гектарға егіс егу жоспарланған. Дәнді дақылдар 10,9 мың га, майлы дақылдар 3,0 мың га, көкөніс пен бақша 3,1 мың га, картоп 0,5 мың га, мал азықтық дақылдар
9,5 мың га.  Десекте күзде кеткен есені көктемгі дала жұмыстарында қайтару басты назарда.
2023 жылы өнімділікті арттыру мақсатында, егін шауашылығы саласын мемлекеттік қолдауларға жергілікті бюджеттен 143 млн теңге қаржы қаралған.Оның ішіндеминералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға –122 млн бөлінеді. Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға –20 млн теңге көзделген.Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты жалпы ұзындығы 339,1 шақырымды құрайтын 34 канал және 2 өзен бар.Оның ішінде 27 канал ауыл шаруашылығы жерлерін суарады