Шымкентте айналма жолдар салынып, соның салдарынан көлік кептелісі азаюда. Қазір Бәйдібек би мен Арғынбеков көшесінің қиылысындағы айналма жолдың құрылысы қызу жүріп жатыр. Жоба үш кезеңге бөлінген. Алғашқысы бойынша - Арғынбеков көшесінің құрылысы мамыр айында аяқталып, қолданысқа берілмек.


Айналма жолдың айналасында қазір құрылыс жұмыстары қызып тұр. Жобаның жалпы құны- 12,8 млрд. Теңге. Мердігерлер соның 8,5 млрдын игеріп қойыпты. Ең негізгі сұлба көпір салынып қойды. Енді асфальт асты топырақты нығыздау жұмысы жүріп жатыр.
Нысан құрылысы үш кезеңнен тұрады. Алғашқысы мамырда, екіншісі – шілдеде, үшіншісі – қыркүйекте қолданысқа беріледі. Үшінші қабаттағы Бәйдібек биге апарар көпірдің ұзындығы 700,  Ені -25 метр.   Ал, Арғынбеков көшесіндегі тоннелдің ұзындығы – 921 метр. Құрылыс материалдары толығымен отандық өнім.
Топырақтың нығыздығы, бетон сапасы арнайы зертханада қатаң тексерістен өтеді. Сападан ши шықса, қабылданбайды. Кері қайтарылады. Жалпы, биыл Шымкентте 256,8 шақырым жолға құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Бұл -253 көше жөндеу көреді деген сөз.